Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Олимпиада ойындарындағы екінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 20-ракеткасы Рыбакина швед спортшысы Ребекке Петерсонмен (59) кездеседі. Ол алғашқы айналымда мысырлық Майар Шерифті жеңді.

Рыбакина - Петерсон матчы ертең, 26 шілде күні өтеді.