Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Vegas 32 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтың екінші нөмірі америкалық Кори Сэндхаген мен оның жерлесі Ти Джей Диллашоу кездесті.

Кездесу жоспарланған үш раундқа созылды. Төрешілер шешімімен Диллашоу жеңіске жетті.

Ал Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва Кайлер Филлипстен басым түсті. Қазақстандық файтер Раулианмен былтыр жекпе-жек өткізді. Төрешілер жеңісті оңтүстікамерикалық спортшыға берген еді.