Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Елдос Сметов Токио Олимпиадасында қола жүлде алды, деп хабарлайды Рrosports.kz сайты.

60 келі салмақта сынға түскен Елдос Сметов кіші финалда Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваза-ари» ұпайын иеленді.

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов жартылай финалда жапон спортшысы Такато Наохисадан ұтылып, финалға шыға алмады. Бұл оның Олимпиададағы екінші жүлдесі. 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада күміс медаль алған еді.

Фото: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай