Қазақстанның теннисші Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының екінші айналымына өтті, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз алғашқы айналымда аустралиялық Саманта Стосурды жеңді.

1 сағат 11 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.Айта кетейік, жерлесіміз екінші айналымда Майар Абдельазиз (мысыр) - Ребеке Петерсон (Швеция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Фото: Владислав Семенов, olympic.kz