Грекиялық «Аристің» бас бапкері Акис Мантзиос Конференция лигасындағы «Астанаға» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл өте қиын ойын болады. «Астана» қазір бабында, біз үшін бұл бірінші ресми ойын, бірақ біз дайын боламыз және жақсы нәтижеге үмітпен қараймыз. Жасанды төсеніш - біз үшін проблема, бірақ бұған тез бейімделіп, ойынның қиындығына дұрыс жауап береміз деп ойлаймын. Мен өз ойыншыларыма сенемін», - деді ол

«Астана» — «Арис» матчы 22 шілдеде «Астана-Арена» стадионында өтеді, ойын 19:00-де басталады.