Жартылай қорғаушы Жереми Манзорро «Тобыл» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін оның «Шахтерге» ауысуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Тобылда Манзорро 30 матч өткізіп, 5 гол соқты. 6 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, «Тобыл» Хорватияға Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчқа барды. «Хайдук» пен «Тобыл» арасындағы Конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңінің ойыны ертең өтеді.

Хабарды Qazsport HD телеарнасы жоспарлап отыр. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.