«Тобыл» Хорватияға Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчқа барды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, «Хайдук» пен «Тобыл» арасындағы Конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңінің ойыны ертең өтеді.

Хабарды Qazsport HD телеарнасы жоспарлап отыр. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01: 00-де басталады.