Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев UFC-де жеңіл салмақтағы спортшылар арасында бестікке көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Махачев UFC Vegas 31 турнирінде Тиаго Мойзені жеңіп, рейтингте 4 позиция жоғарылады. Қазір ресейлік жеңіл салмақта Майкл Чандлер, Бенил Дариуш, Джастин Гейдж, Дастин Порье және ұйым чемпионы Чарльз Оливейрадан кейін бесінші орынға жайғасты.