Қазақстандық теннисші Анна Данилина беларусьтік спортшы Лидия Морозовамен жұптасып Гдынядағы WTA сериялы турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина мен Морозова ресейлік теннисші Варвара Флинк пен Польша өкілі Вероника Базакты 6:1, 2:6, 10:7 есебімен жеңді. 1 сағат 9 минутқа созылған матч кезінде Данилина екі эйс жасады.

Еске салайық, бұған дейін Анна Данилина мен Лидия Мороз Будапешттегі WTA турнирінде жұптық сайысында екінші айналымына шыға алмады. Олар сербиялық теннисшілер Ивана Йорович пен Ольга Даниловичке қарсы ойнап, 6:3, 6:2 есебімен жеңіліп қалды.