Достанбек Ташбулатов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ATP Challenger Tour President Cup (2) турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші ресейлік Иван Неделкодан бірінші сетте 3: 6, екінші сетте 2: 6 есебімен ұтылды.

1 сағат 24 минутқа созылған матч кезінде Ташбулатов бес ойында жеңіліп, 3 эйс, 2 қателік және 2 брейк жасады.