18 шілдеде футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 2-туры аясында екі матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті турдың соңғы ойын күнінде кездесулер Түркістан мен Нұр-Сұлтанда өтеді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 19: 00-де Шымкенттің «Ордабасы» мен СДЮСШОР №8 кездеседі. Ойын «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Дәл осы уақытта «Түркестан Аренада» жергілікті «Тұран» талдықорғандық «Жетісуды» қабылдайды.