Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы ESPN 26 турнирінде басты жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік файтер Ислам Махачев (20-1) Тиаго Мойзеспен (15-5) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төртінші раундта Махачевтың жеңісімен аяқталды.

Махачев UFC-дегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, дәл осы турнирде қазақстандық Сергей Морозов сәтті өнер көрсетті.