Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың менеджері Саят Абдрахманов алдағы жоспар жайлы айтты.

«Джеф Молина қарсы емес екені жайлы матч-мейкерлер хабарлады. Жалғас күзде жұдырықтасуға дайын. Әзірге лиганың шешімін күтеміз.

Дегенмен Жұмағұлов Абу-Даби жекпе-жек өткізгісі келмейді, айтуынша «қарғыс атқан аралда» екі мәрте жеңілген. Сондықтан Америкада жекпе-жек өткізгісі келеді», деп келтіреді Саят Абдрахмановтың сөзін sports.ru басылымы.

Невада штатындағы Лас-Вегаста өткен UFC 264 жарысында 32 жастағы Жұмағұлов (14-5) америкалық промоушен қанаты астында үшінші жекпе-жегінде төбелесті. Жалғастың қарсыласы 26 жастағы Джером Ривера (10-6) болды.

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек (56,7 кг) бірінші раундта аяқталды, Жұмағұлов Ривераны тұншықтыру әдісімен жеңді.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов мансабындағы 14-ші жеңісін және UFC-дегі бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ривера мансабындағы алтыншы және UFC ұйымындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.