16 шілде күні Қазақстан олимпиадалық командасының негізгі бөлігі Жапонияға жол тартты.

Сапар алдында танымал боксшы Василий Левит қазақстандықтарға сәлем жолдады.

«Достар, бүгін ұшып барамыз. Бізге жанкүйер болыңыздар. Алға, Қазақстан!», - деді Василий.

Айта кетелік, Қазақстан командасының бір бөлігі чартерлік рейспен Токиоға ұшып кетті. Спортшылар екі апталық карантинде болып, барлық талаптар қатаң сақталған.