Қазақстандық «Khan» киберспорт ұйымы Dota 2 бойынша жаңарған құрамын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Қазіргі уақытта команданың құрамы келесідей:

— Тимур «layme» Магомедов;
— Александр «gwynbleidd» Абакумов;
— Максим «Shachlo» Абрамовских;
— Антон «antoha» Марченко;
— Дулат «goddam» Сейдимомын.
Бұған дейін «Khan» DreamLeague Season 13 жарысының ашық іріктеуінде жеңіске жеткенімен, команда керемет нәтиже көрсете алмады.