«Қайрат» ойыншылары Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 2-туры аясындағы ақтаулық «Каспийге» қарсы матчқа дайындықты бастады, деп жазады Prosports.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі аталған жаттығу сәтінен фоторепортаж жариялады.

Жаңа келген ойыншылар камерундық қорғаушы Маки Баньяк пен португалиялық жартылай қорғаушы Рикарду Алвеш команда сапындағы жаттығуларын бастады.

«Қайрат» - «Каспий» матчы 17 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 19:00-де басталады.