Сочиде өткен AMC Fight Nights 103 турнирінің басты жекпе-жегінде екі ресейлік файтер Юсуф Раисов пен Алексей Махно кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте техникалық нокаут Юсуф Раисов жеңіске жетті. Екінші раундтың 52-секундында көзінен жарақат алған Махноның командасы алаңға орамал састады.

26 жастағы Юсуф Раисов мансабындағы 18-жеңісіне қол жеткізді, одан бөлек 2 рет жеңіліске ұшыраған. Ал қарсыласының рекорды - 27 жеңіс, 7 жеңіліс.