«Шахтер» футбол клубы франциялық қорғаушы Абдель Ламанжбен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Футболшы бұған дейін де «Шахтерде» ойнаған. 30 жастағы қорғаушы өткен маусымда Премьер-лигада қарағандылық клуб сапында 17 матч өткізіп, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Абдель Ламанж - Стасбург футбол мектебінің түлегі. Мансабын франциялық «Гренобль» сапында бастаған. Сондай-ақ, ол «Шинник», «Ротор», «Атырау», «Астра» командаларында өнер көрсетті.