Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Кубогы аясында СДЮСШОР №8 клубына техникалық жеңіліс жазды.

«Қызыл-Жар» – СДЮСШОР №8 матчында алаңға шықпауы керек футболшы ойнаған. СДЮСШОР №8 командасының 20 жастағы қорғаушысы Оңдасын Сәкен Қазақстан кубогының бастапқы кезеңдерінде «Игілік» пен «Оңтүстік Академиясына» қарсы ойындарда сары қағаз алған. Сондықтан ол келесі ойынға қатыспауы керек еді.

Бірақ Оңласын Сәкен «Қызыл-Жарға» қарсы матчта 90 минут бойы ойнап, допты өз қақпасына соғып алған болатын. Енді алаңға шыққан Сәкен үшін СДЮСШОР №8 командасына техникалық жеңіліс жазылуы мүмкін.