Негізін алматылық «Қайрат» академиясының түлектері мен жас ресейлік футболшылар құрайтын «Қайрат-Мәскеу» Ресей кубогында бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/256 финалда Обнинскіде ПФЛ-да ойнайтын жергілікті «Квантпен» кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде «Калуга» клубымен кездеседі.

«Квант» - «Қайрат-Мәскеу» матчы елорда уақытымен 21:00-де (Мәскеу уақытымен 18: 00-де) басталады.