«Шахтер» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Стяуа» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кездесуге кипрлік төрешілер қазылық жасайды. Бас төреші қызметін Василис Димитриу атқарады. Оған қос қапталдан отандастары Никос Эгглезу мен Павлос Георгу; көмектеседі. Ал төртінші төреші – Гиоргос Николау.

«Стяуа» – «Шахтер» кездесуі 22 шілдеден 23 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:30-да басталады.