Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова тректегі велоспорттан Ұлттар кубогіне қатысты.

Санкт-Петербургте өтіп жатқан байрақты бәсекеде омниум бойынша отандасымыз Рината Сұлтанова төртінші орынға ие болды.

- Жарыстағы нәтижеме көңілім толады. Әрине, жүлдегерлер қатарынан көрінгім келді. Ол үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Үш санат бойынша жарыста үшінші болып келе жатқанмын, алайда, соңында топтық сынның соңғы екеуі шешуші кезең болды. Нәтижесінде, тактикалық қателігімнің кесірінен төртінші орынға сырғыдым.

Бүгінгі жарыстар мен үшін үлкен тәжірибе. Сонымен қатар, аталған дода алдағы әлем чемпионатына рейтингтік ұпай үлестірілетін жарыс болып саналады, - дейді спортшы.