Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

23 жастағы Рамазан - «Қайрат» футбол клубының түлегі. Алматылық клуб сапында 2018 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алды. 2020 жылдың басында ол латвиялық «Даугавпилске» ауысты.

2020 жылы жазда Ол ресейлік «Чайка» командасымен келісімшартқа отырды. Онда 12 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берген.

2021 жылы 31 наурызда Қазақстан құрамасы сапында Украинаға қарсы матчта (1:1) қатысты.