Токио Олимпиадасына қатысатын Испания құрамына «Астана» велошабандоздары, ағайынды Йон Исагирре мен Горка Исагирре және 30 жастағы Омар Фраил кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық веложарыс 24 шілдеде өтеді.

Испания ұлттық құрамасынан жекелей сында 2016 жылы Рио-де-Жанейрода 8-орын алған «Астана» велшабандозы, 32 жастағы Йон Исагирре бақ сынайды.