Петропавлдық «Қызыл-Жар» мен сербиялық шабуылшы Неманья Обрадович тараптардың өзара келісімімен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

32 жастағы шабуылшы мамыр айының басында Петропавл клубына ауысқан еді. Екі айдан астам уақыт ішінде ойыншы Қазақстан чемпионатында 8 ойын өткізді. Гол соққан жоқ.

Командадан кетуінің басты себебі - ұзын бойлы ойыншының Андрей Карповичтің ойын мәнеріне сәйкес келмеуі. Оның орнын «Астанадан» жалға алынған 22 жастағы Семир Смайлагич басады.