Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапешттегі WTA сериялы турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/16 финалда ол Грузия өкілі Екатерина Горгодзені жеңді.
Кездесу 6:2, 6:4 есебімен Юлияның пайдасына аяқталды.
Матч 1 сағат 36 минутқа созылды. Путинцева 1 эйс жасады.
Турнирдің 1/4 финалына шығу үшін Путинцева Хорватия спортшысы Ана Конухпен шеберлік сынасады.
Комментарии