Қазақстан кубогының топтық кезеңі аясындағы «Қызыл-Жар» – СДЮСШОР №8 матчында дисквалификацияланған ойыншы алаңға шыққан, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, СДЮСШОР №8 командасының 20 жастағы қорғаушысы Оңласын Сәкен бұл ойынға қатыспауы керек еді. Өйткені ол Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде «Игілікке» қарсы матчта және үшінші кезеңде «Оңтүстік академиясына» қарсы кездесуінде ескерту алған.

ҚФФ тәртіптік ереженің 12-бабы 5-тармағына сәйкес, ойыншы топтық кезеңнің алғашқы туры аясындағы "Қызыл-Жарға" қарсы ойынға қатыспауы керек еді.

Бұл ойында Оңласын Сәкен алаңда 90 минут өнер көрсетті. Енді СДЮСШОР №8 техникалық жеңіліске ұшырауы мүмкін.