Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) BoxRec рейтингіндегі жағдайын едәуір жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тұрсынбай ресейлік Алексей Евченкомен (19-15-2, 8 КО) жекпе-жекке дейін 192 орында тұрған. Нокаутпен жеңген Құлахмет 127-орынға жайғасып, 65 позицияға көтерілді.

Еске салайық, сол бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (11-0) британдық Ронни Кларкпен (21-4-2, 10 КО) титулдық жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылып, Сұлтан төрешілер шешімімен жеңді