Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Невада штатындағы Лас-Вегаста өткен UFC 264 жарысында 32 жастағы Жұмағұлов (14-5) американдық промоушен қанаты астында үшінші жекпе-жегінде төбелесті. Жалғастың қарсыласы 26 жастағы Джером Ривера (10-6) болды.

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек (56,7 кг) бірінші раундта аяқталды, Жұмағұлов Ривераны тұншықтыру әдісімен жеңді.

Осылайша Жалғас Жұмағұлов мансабындағы 14-ші жеңісін және UFC-дегі бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ривера мансабындағы алтыншы және UFC ұйымындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.