Алматыдағы MTK FIGHT NIGHT бокс кешінің басты жекпе-жегінде Сұлтан Зәуірбек жеңіске жетті.

Басты жекпе-жекте Сұлтан Зәуірбек шотландиялық Ронни Кларкқа қарсы жұдырықтасып, он раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен жеңді.

Осылайша ол WBO нұсқасы бойынша бос болған Еуропа чемпионы титулын жеңіп алды.