Қазақстан футболының тарихында алғаш рет демеуші тарапынан спорттық жетістіктері үшін жүлде қоры құрылды.

Топтық кезеңге өткен барлық қатысушылар 5 миллион теңге мөлшерінде кепілдендірілген төлемдерге қол жеткізді.

Жарыстың ¼ финалына шыққаны үшін әр команда тағы да 10 миллион теңгеден алады, жартылай финалға қатысушыларды да осындай көлемде жүлде күтеді.

Кубок жеңімпазы қосымша 30 миллион, ал финалға шыққан команда 15 миллион теңге иеленеді.

Турнирге барлығы 16 команда қатысады, оның ішінде 14-і Қазақстан чемпионатының өкілдері.