Қазақстандық боксшы Николай Шваб кәсіпқой рингтегі жетінші жекпе-жегін өткізді , деп хабарлайды Prosports.kz.

Got Talent XIII бокс кеші аясында ол америкалық Рондейл Хаббертпен (13-17-2, 8 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек жоспарланған алты раундқа толық жалғасып, төрешілер шешімімен 26 жастағы қазақстандық жеңіске жетті.

Осылайша, Николай Шваб кәсіпқой бокста жеті жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, Николай Шваб бұған дейінгі жекпе-жегін Флорида штатында өткізген. 22 мамырда Мэдлиде ол 21 жастағы мексикалық Карлос Хименесті (1-1-1) төрешілер шешімімен жеңді.