Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Перуджада өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз ширек финалда хорваттық Нино Сердарушичтен жеңілді.

2 сағат 52 минутқа созылған кездесу 7:6, 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.