«Шахтер» Беларусь қорғаушысы Павел Назаренконы сатып алғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Назаренко «Ақжайық» футбол клубынан «Шахтерге» ауысты. Қазақстанға келес бұрын ойыншы өз елінде «Динамо», «Белшина», «Береза-2010», «Динамо Брест», «Городея», «Слуцк» және «Витебск» клубтарында ойнады.

«Кеншілер» құрамында Назаренко 13 нөмірде ойнайды.