«Ақ Барс» шабуылшысы Данис Зарипов клубпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өткен маусымда ойыншы 40 матчқа қатысып, 23 (7+16) ұпай жинады.
Зарипов - ҚХЛ тарихында Гагарин кубогын бес дүркін жеңіп алған жалғыз ойыншы.
Алдағы маусым шабуылшы үшін «Ақ Барс» сапындағы 17-маусым болады. Данис Зарипов «Ақ Барс» жейдесінде жалпы 887 кездесуге қатысып, 633 (288+345) ұпай жинаған.
Комментарии