Португалиялық вингер Педру Эужениу «Тараз» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 жастағы футболшы бүгін ойыншылар мен бапкерлік штабпен қоштасқан. Осы маусымда ол 18 матч өткізіп, 7 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанған. Португалиялықтың голдары клубқа 12 ұпай сыйлаған.

Эужениуге «Астана», «Шахтёр» мен болгариялық «Лудогорец» қызығушылық танытып отырғаны хабарланды.