Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі BRAVE CF промоушенімен бірлескен турнирдің күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен, қос ұйым бірге ұйымдастыратын турнир 21 тамызда Алматыда өтеді. Алдағы іс-шараның толық карды жақын апталарда жарияланады. Турнирге Асу Алмабаев, Нұржан Ақышев, Азат Максум, Дамир Төленов және тағы да басқа танымал спортшылар қатысады.

Соңғы рет BRAVE промоушені Қазақстанда 2017 жылы сәуірде жарыс өткізіп, онда 7 қазақстандық файтер шеберлік сынады.

Еске сала кетейік, қазақстандық литганың келесі турнирі 16 шілдеде Алматыда өтеді. OCTAGON 21 басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Ильяр Асханов Эмрах Шавкатовпен кездеседі.