Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының маусым айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 470 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қызыл-Жар» – «Астана» (18-тур) кездесуінде соғылған Юрий Бушманның нәтижелі соққысы атанды. Бушманның голына 239 (50,85 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.