Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшелері ресейлік спортшылармен Ақтауда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшылар жалпы физикалық дайындықты жақсартуды қолға алған. Сондай-ақ, жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша тхникалық, теориялық және психологиялық тұрғыда шеберліктерін шыңдауда.

Ресейлік Урал тау-кен компаниясының клубы мен отандық бапкерлердің айтуынша, осындай бірлескен оқу-жаттығу жиындарыспортшыларға барлық жағынан пайдасы тиеді. Атап айтқанда, тәжірибе алмасып, техника-тактикалық дайындықтарына жаңашылдық әкеледі.