10 шілдеде маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған республикалық біріншілік Талғарда өтеді. Спортшылар Қазақстан чемпионатында ХСR (эстафета) санаты бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Сонымен қатар, ХСЕ санаты бойынша Қазақстан Республикасының кубогі ұйымдастырылатын болады.

Айта кетерлігі, бәсеке ерлер мен әйелдер, қыздар мен ұлдар арасында өтеді