Аустралиялық боксшы Тим Цзю кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

Ол аустралиялық Стив Спаркты жеңіп, бірінші орта салмақтағы WBO Global титулын қорғап қалды. Кіші Цзю қарсыласын үшінші раундта жеңді. Оның алдында қарсыласын нокдаунға түсірген.

Тим Цзю – бірінші жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған Костя Цзюдің баласы.