Гамбургте өтетін WTA 250 Hamburg European Open турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс 6-11 шілдеде өтеді.

Оған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева қатысады. Ол жарысты екінші айналымнан бастайды. Путинцеваның алғашқы қарсыласы германиялық Анна-Лена Фриздам мен Андреа Петкович матчында анықталады.