Франциялық жартылай қорғаушы Поль Погба «Манчестер Юнайтед» сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы хавбек франциялық ПСЖ сапына ауыспақ. Журналист Адриен Гренье мәліметінше, қазір келіссөз жүріп жатыр.

Погба өткен маусымда АПЛ-да 26 матч өткізіп, 3 гол соққан.