Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы ойыншысы Константин Энгель германиялық «ССВ Йедделох» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы неміс клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін Энгель екінші Бундеслигада бақ сынайтын «Оснабрюк», «Энерги» және «Ингольштад 08» командаларында өнер көрсетті.

«ССВ Йедделох» бас бапкері Оливер Рек Энгельді жоғары бағалап, көптеген командада ойнап, тәжірибе топтаған ойыншы екенін айтты. Әрі оның келуі командаға көмектеседі деген сенімін білдірді.