Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа жол тартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы файтердің командасы Arlan MMA Pro Team инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Жалғас Жұмағұлов Лас-Вегасқа ұшып кетті. Батырымызға сәттілік тілейміз!», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, отандасымыз 10 шілдеде Лас-Вегаста өтетін UFC 264 турнирі аясында октагонға шығады. Оның қарсыласы америкалық файтер - Джером Ривера (10-5).

Отандасымыз үшін алдағы жекпе-жек UFC-дегі үшінші кездесуі болмақ. Алдыңғы екі кездесуде Жалғас төрешілер шешімімен ұтылып қалды.