«Тур де Франс» көпкүндік веложарыстың 9-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңді AG2R Citroën Team командасының австралиялық велошабандозы Бен О'Коннор жеңіп алды.

«Астана» сапынан үздік нәтижені 15-орын алған Алексей Луценко көрсетті.

Жалпы есепте Луценко сегізінші орында келеді.