Қазақстық дзюдошы, Токио Олимпиадасына 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жолдама иеленген Елдос Сметов жауапты сынға дайындығы туралы бөлісті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиадашыларды қабылдау рәсімінде болған Президент тарапынан көрсетілген қолдаудың жігерлендіретінін айтты.

"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!

Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Олимпиада құрамасына ел туын табыстады. Ел басшысының бүгінгі сенімі, қолдауы бізді жігерлендіреді.

Санаулы күннен кейін спорт карьерамыздағы ең маңызды жарысқа аттанамыз. Олимпиада ойындарын біз өте ұзақ бес жыл күттік. Арадағы үзіліске қарамастан жаттығуымызды тоқтатпауға барымызды салып, Олимпиадаға жолдама алдық. Бұл менің екінші Олимпиадам болғандықтан жауапкершілік жүгі өте ауыр. Мен бұл Олимпиадада ел үмітін арқалап, сондай-ақ, марқұм Жақсылық атамыздың асыл арманын орындағым келеді", - дейді дзюдошы Елдос Сметов өзінің инстаграмдағы желісінде