«Шахтер» екі ойыншымен қоштасатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ресейлік қорғаушы Евгений Гапон мен қазақстандық қақпашы Тимурбек Закиров тараптардың өзара келісімі бойынша командадан кетеді. Біз ойыншыларға командада өткізген уақыты үшін алғыс айтамыз және болашақ мансабында сәттілік тілейміз», - делінген команда хабарламасында.