Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Перуджияда өтіп жатқан Челленджер турнирінің бірінші іріктеу кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кортта Тимофей венесуэлалық Лоренцо Клавериді 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Ойынның ұзақтығы - 1 сағат 53 минут.

Келесі айналымда Скатов Георгий Кравченко (Украина) - Артур Казо (Франция) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.