Сербиялық жартылай қорғаушы Душан Йованчич «Тобылға» оралды, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы Душан Йованчич қысқы трансфер кезінде қазақстандық клубқа сербиялық «Црвена Звездадан» жалға ауысқан. Маусым айында Йованчич сербиялық клубқа кеткен.

Бір айдан кейін «Тобыл» Душанды кері қайтаруға шешім қабылдады. Қазақстан чемпионатында Душан Йованчич 11 ойынға қатысты.